«Олар да жылқы жейді». Жұманғарин француздармен жаңа келісім туралы айтты

Бұл туралы Ақордада Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Арман Мухатов  - архив 2 Қараша 2023 2023, 11:34
2 Қараша 2023 2023, 11:34
1078
Фото: - архив

Бұл туралы Ақордада Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кеше француздармен жылқы етін экспорттау жайлы сөйлестік. Өздеріңізге мәлім, Франция еуропадағы жылқы етін жейтін бірден бір ел. Біз қазіргі таңда 13 өңірден экспортты Жапонияға жеткізіп отырмыз, енді бұл бағытта Франциямен жұмыс істеу керек. Кеше олар еттің дәмін татты. Оларға ұнап, тағы сұратты, – деді Жұманғарин.

Оның сөзінше, жылқы етін экспорттаудың ішкі нарыққа зияны жоқ.

Биыл жылқы еті бойынша жақсы көрсеткіштер көрсетіп отырмыз. Нәтиже жоғары деңгейде, – деді Серік Жұманғарин.

Наверх