Ол - Менің Президентім!

20 Наурыз 2019, 13:42
3940
Бөлісу:
Ол - Менің Президентім!

Астана, BAQ.KZ. ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Зарема Шәукенова Елбасының Президенттік өкілеттігін тоқтату туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы көп жазылған және әлі де көп жазылады. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихындағы оның ұлы рөлі, оның тұлға ретіндегі айрықша қасиеттері, Отанға және оның халқына сіңірген еңбегі туралы болмақ. Тұңғыш Президенттің көптеген керемет қасиеттерінің бірі – біздің халқымыздың ерекшелігі мен оның даналығына деген толық сенімі. Мемлекет басшысы кешегі Қазақстан халқына үндеуінде баршамызға және әрқайсымызға қаратып, мақтаныш, сенім мен сүйіспеншілік туралы сөз қозғады. Еліміздің миллиондаған тұрғындары Елбасының Президент лауазымынан кетуі туралы шешімін үлкен толғаныспен тыңдады. Тарихтың қойнауына кеткен 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғашқы жалпыхалықтық президенттік сайлау жарияланған кезде, қазақстандықтар шынымен де талғампаз таңдау жасады – сайлаушылардың 98,7 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берді. Олар өз тағдырына қатысты дұрыс таңдау жасады.

Замануи тарихта саяси көшбасшылық факторы зор және ауқымды маңызға ие. Қоғам мен мемлекеттегі іргелі өзгерістер процестерін басқару және бағыттау – саяси көшбасшылардың арнайы тарихи миссиясы мен жауапкершілігі. Нұрсұлтан Назарбаевтың феномені президенттік институт шеңберінен шығып, ұлт Көшбасшысы – Елбасы мәртебесіне дейін көтерілді. Бұған 2008-2009 жылдардағы дағдарыс кезеңде де әлеуметтік-экономикалық мониторингтердегі Н.Назарбаевтың рейтингісінің 85%-ға төмендемеуі дәлел болады. Бұл қазақстандықтардың басым көпшілігі үшін Президент тұрақтылықтың сенімді кепілі және демократиялық, гүлденген, өзіне және өздерінің қабілеттеріне сенімді, әлеуметтік консолидацияланған, әлемдік қоғамдастық мойындаған Қазақстанның қалыптастыруға бағытталған саяси мақсаттардың бірізділігін білдіреді.

Көптеген шетелдік сарапшылар Қазақстанның тұңғыш Президентінің саяси ұзақ әрекет етуін маңызды саяси ресурс және әлеуметтік капитал ретінде сезінеді. Британдық жазушы Джонатан Айткен Нұрсұлтан Әбішұлы туралы: «Бұл – көрнекті саяси қайраткер және де бірегей саяси ардагер. Халықаралық аренада ол өзін өте табысты және байқампаз саясаткер ретінде танытты» деп атап өтті. Саяси, экономикалық және әлеуметтік күрделі өзгерістерді жасауға мүмкіндік беретін қазақстандық мемлекеттіліктің негізі – бұл табысты президенттік институты. Қазақстан көшбасшысы – интеллектуалдық инновацияны дәстүрмен, беделмен, тұрмыстық даналық және салауатты прагматизммен ұштастыратын саяси көшбасшы үлгісі болып табылады. Сондықтан да Назарбаевтың барлық саяси және экономикалық жобалары табысты болды. КСРО ыдырағаннан кейін үш онжылдықтың ішінде жас, жігерлі Қазақстан динамикалық және сонымен бірге эволюциялық дамудың үлгісін көрсетті.

Қоғамның Көшбасшыны мойындауы үшін ұйымдастырушылық және шешендік дағдылар болу аздық етеді. Көшбасшы барлық кезде әлеуметтік инжиниринг миссиясын өз мойнына алады. Саясаттанушы Мейержан Машан атап өткендей, Н.А. Назарбаев «әлеуметтік инженериядан» қорықпайды, яғни, қажет болғанға ол әрдайым өз халқын жаңаруға итермелеп, өзгеруге мәжбүр етті. Экономикада ғана емес, сонымен бірге ұлттық сипатты да. Саяси көшбасшының күші – оның ерік-жігерінің ғана болуы емес, сонымен бірге өз халқын сезіну қабілетінде. Президент қарапайым отбасынан шыққан және батыс елдерінде айтқандай, ол өзін-өзі шыңдаған. Дегенмен, қарапайым адамдарды тыңдау артықшылығы, ұлттың ұмтылысын түсінуді Мемлекет басшысы ешқашан назардан тыс қалдырмай және үнемі дамытып отырды. Бұл артықшылығы Президент Н.Назарбаевқа әлеуметтік психологияны тек сезініп қана қоймай, сонымен қатар оның дамуын бағыттады, оның теріс аспектілеріне ермей (барлық дерлік популистерге тән және олардың түпкілікті стратегиясын жеңіліске ұшыратады), сонымен бірге белсенді түрде қарсы тұруға да мүмкіндік береді. Орыс зерттеушісі О.Видова бұл туралы былай деп жазады: «Олар оны барқыт саясаткер дейді, бірақ бұл сыртқы көрініс ешкімді алдамайды: ол іргелі мәселелерді шешуге қатал. Оның ішкі жігері өте күшті».

Мемлекет басшысы алға жылжуға кедергі келтіретін немесе шектейтін әлеуметтік стереотиптер мен инерцияны әрдайым өзгертуге тырысады. Тұңғыш Президент қоғамды саяси және экономикалық тұрғыда бейімдеудің шешуші факторы ретінде әрекет етеді. Өйткені Ұлт Көшбасшысы – бұл қарапайым кәсіби-көшбасшы, көшбасшы-атқарушы немесе жалданбалы менеджер емес. Қоғамның жүйелі жаңғыруы жағдайында, Елбасыға ең күрделі саяси және идеологиялық миссия жүктеледі: бұқаралық сана-сезімді пассивті жағдайдан тәуелсіз, өзін-өзі қамтамасыз ететін, «білікті азаматтық» жағдайды мағыналы түсінетін деңгейге көшіруге жәрдемдесу.

Ұлттық сана-сезімнің сапалы өсуі, ұлт рухының өркендеуі – Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси басшылығының жұлыны, идеологиялық негізі. Адамдардың көңіл-күйін дұрыс сезіну, олар қолдайтын шаралар қабылдауды білдірмейді. Көп жағдайда 90-шы жылдардағы түбегейлі реформалардың бөлігі ретінде қолданылған «шок-терапия» секілді жағымсыз шараларға баруға тура келеді. Сол кезеңде Елбасы халықтың тілектерін уақыттың объективті үрдістері мен қажеттіліктерімен байланыстырды. Оларды үйлесімді біріктіру үшін, болашақтағы стратегиялық жеңістерге үшін бір сәттік, тактикалық жетістіктерден бас тарту қажет болды.

Н.Назарбаевтың көшбасшысы ретіндегі күші – өз халқының психологиясын жақсы түсінуі және халықаралық үрдістерде тамаша бағдарлана алуында. Көшбасшы болу үшін  әлеуметтік мақсаттар қоюға және оларға қол жеткізу үшін әлеуметтік технологияларды қолдануға қабілетті әлеуметтік инженер болу керек. Н.А. Назарбаевтың қолынан келді. Ол елдің дағдарыстан шығуының оңтайлы жолын тауып, оның дамуының тиімді жүйесін құруға және көшбасшылардың жаңа буынына конституциялық басшылықты тапсыруға әлеуеті жетті.

Өткен жылдың соңында БАҚ-та Елбасының «Назарбаев Президенттің жалғыздығы туралы» деп аталған мұрағаттық бейнесінен бір үзінді таратылды. Нұрсұлтан Әбішұлы: «Шынайы көшбасшының қиындықтары –сен алға қарай қарауыңда. Сен еруші емес, көшбасшысың. Сен жетекшілік етесің, қайда алып бара жатқаныңды білуің керек». Мемлекет басшысы айналасында «снаряд тасуы», яғни жазу, талдау және түрлі нұсқаларды ұсынатын көптеген кеңесшілер мен көмекшілер бар екенін атап өтті. Бұл жерде Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен құрылған 1993 жылығы құрылған ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институты өз жұмысында Президент командасының құрамында, жазу және талдаумен айналысатындар қатарында болуын мақтаныш сезіммен білдірді. Бұл мүмкіндік пен миссия үшін ҚСЗИ сарапшылары мен сарапшылар қауымы Президентке айрықша риза. Дегенмен, Нұрсұлтан Әбішұлы: «Бірақ сен шешім қабылдауға тиіссің, олар жазғандары үшін жауапты емес. Президент шешімді қабылдауға және осы шешімге жауап беруге тиіс. Міне, бұл президенттің жалғыздығы» деп нақты айтқан. Неміс философы Артур Шопенгауэр былай дейді: «Жалғыздық – барлық көрнекті данышпандардың таңдауы». Осы тұрғыдан алғанда еліміздің Тұңғыш Президенті өзінің айрықша таланты арқасында әлемдік көрнекті көшбасшылары қатарына енді, өз мойнына жауапкершіліктің ауыр жүгін арқалай отырып, ар-ожданы мен адамгершілік сезімді ақтай отырып, өз өмірінің қастерлі ісіне қызмет етудің үлгісін көрсетті. Өз халқының ризашылығы мен терең құрметке лайық.

Ол туралы: «Ол МЕНІҢ Президентім!» деп мақтана айтуға болады.
Өзгелердің жаңалығы