Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады?

17 Наурыз 2021, 10:16
2705
Бөлісу:
Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық оқушылар III тоқсанды аяқтағаннан соң 12 күн демалады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көктемгі каникул кезінде оқушылар 20-31 наурыз аралығында 12 күн демалады.

Еске сала кетейік, былтыр оқушылар елде коронавирустың таралуына байланысты ерте каникулға шыққан болатын.

2020 жылы оқушылар III оқу тоқсанын ерте аяқтап, 16 наурыздан 5 сәуірге дейін каникулда болды. 

Мектептер 6 сәуірден бастап жаңа тоқсанды қашықтан оқыта бастады.

Өзгелердің жаңалығы