Оқушылар қарашада күзгі каникулға шығады – Каринова

20 Қазан 2021, 13:17
2255
Бөлісу:
Оқушылар қарашада күзгі каникулға шығады – Каринова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты.

Вице-министр атап өткендей, оқу процесі Бас санитарлық дәрігердің қаулысы негізінде барлық санитарлық талапты қатаң сақтай отыра штаттық режимде жүргізіліп жатыр.

Күзгі каникул да жақын қалды. 1-7 қараша аралығында күзгі демалыс басталады. Қазіргі күні барлық мектепте жиынтық бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келесі аптада барлық негізгі пән бойынша тоқсандық жиынтық бағалаулар жүргізіледі. Осылайша оқушылар демалысқа шығады, - деді Каринова.

Оқу процесі ұйымдастырылуы барысында биыл 30% мектепте білім беру бір ауысымда, 68%-ында екі ауысымда және оқушы саны көп, орын тапшылығы бар мектептің 2%-ында оқу үш ауысымда іске асырылып келе жатыр.

Бүгінгі күні оқушылардың 86,4%-ы штаттық режимде оқып жатыр. Ал аралас форматта 11,6% және ата-аналардың өтініштері негізінде 0,6% оқушы қашықтан білім алып келеді. Оқу жылының басында пәндерді онлайн форматқа көшіруге рұқсат етілді. Оны әр мектеп өзі қабылдай алады, - деп түсіндірді БҒМ өкілі.

Мектепке кіру үшін Ashyq қосымшасы қолданылады. Яғни мектеп қызметкерлері және ата-аналар қосымша арқылы кіргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы