Оқушылар ауадағы зиянды қалдықтар мөлшерін көрсететін қосымша ойлап тапты

22 Маусым 2021, 14:38
1574
Бөлісу:
Оқушылар ауадағы зиянды қалдықтар мөлшерін көрсететін қосымша ойлап тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғандық оқушылар ауадағы зиянды қалдықтардың мөлшерін көрсететін веб қосымшаны ойлап тапты. Онда күн райының болжамы, ауаның ылғалдылығы және оның құрамындағы көмірқышқыл газының көлемі мен диоксид мөлшері жарияланады, деп жазды Хабар24.

Яғни қосымша арқылы әрбір қала тұрғыны экологияның ластану деңгейін көре алады. Осы жоба арқылы жасөспірімдер өзекті проблемаға көпшіліктің назарын аударуды мақсат еткен. Қосымшаның тиімділігін арттыру үшін валюта бағамын да енгізіпті. Сонымен қатар өңірге қатысты жаңалықтар да беріліп тұрады. Сөйтіп бұл жоба тұтас ақпарттық сайт ретінде қызмет атқаратын болады.   

Біздің ең бірінші жобамыз. Бұның пайдасы зор деп ойлаймын. Адамдар көшеде келе жатып көп ақпарат көре алады. Менің ойымша, осы ақпаратқа қарап қаланы таза ұстайды деп ойлаймын, - деді жоба авторы Әділет Берсінбаев.


Өзгелердің жаңалығы