«Оқуға құштар мектеп»: Биыл 2,5 млн-ға жуық көркем әдебиет сатып алынды

26 Қазан 2021, 12:30
28322
Бөлісу:
«Оқуға құштар мектеп»: Биыл 2,5 млн-ға жуық көркем әдебиет сатып алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат отырысында «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды.

Жоба жайында «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Елдос Нұрланов айтып берді.

Былтыр қазанда Мемлекет басшысы «Оқуға құштар мектеп» жүзеге асыру туралы тапсырма берген болатын. Осы уақыттан бастап жергілікті атқарушы органдармен жоспарлау, қаржы жұмысын жүргізуге, үйлестіруге атсалыстық. Биылғы жылдың сәуірінде 2025 жылға дейін мектеп кітапханаларын дамыту жөнінде кешенді жоспар қабылданған болатын, - деді ол.

Айтуынша, жұмыстың нәтижелерінің бірі – көркем әдебиет қорының ұлғаюы. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп. Осы жылдың өзінде 2 439 376 дана көркем әдебиет сатып алынды.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Павлодар облыстарында сатып алынған көркем әдебиеттің саны 200 мыңнан асады. Атап айтқанда, ШҚО жарты миллионнан аса көркем әдебиет сатып алған. Оқу жылы әлі аяқталған жоқ, сол себепті көрсеткіші төмен өңірлер жыл соңына дейін сатып алады деп ойлаймыз. Бүгінгі күні сатып алынған көркем әдебиеттердің 51%-ы қазақ тілінде, - деп түсіндірді Елдос Нұрланов.

Өзгелердің жаңалығы