Оқу жылы басталғалы елордада 92 мектеп карантинге жабылған

26 Наурыз 2021, 12:30
3345
Бөлісу:
Оқу жылы басталғалы елордада 92 мектеп карантинге жабылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және медицина ұйымдарының КВИ-ға қарсы дайындығы» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.

Оқу жылының басынан 25 наурызға дейінгі CОVІD-19 жағдайы бойынша оқушылар арасында барлығы 1590 жағдай тіркелді, оның ішінде 487 немесе 30,6%-ы оффлайн режимде оқушылар арасында 1103 жағдай, қашықтан оқып жатқан оқушылар арасында - 69,4%. Яғни наурыз айында оффлайн режимде оқитын оқушылар арасында сырқаттанушылық 10%-ға өсті. Динамикада 14 жасқа дейінгі балалар арасында жағдайлардың 5%-ға өсуі байқалады. Бұл ретте наурыз айында 2-6 жастағы балалар арасында ауырғандар саны 1,5 есе өсті, - деді Бейсенова.

Оның айтуынша, оқу жылының басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлығы 92 мектеп карантинге жабылған. Жыл басынан бері мектепке дейінгі  балалар мекемесіне келген науқас балалардың саны - 145. 

Қалада тәуліктік қуаттылығы 12 955 зерттеуге жететін КВИ диагностикасы бойынша 24 зертхана жұмыс істейді. Жыл басынан бері барлығы 315 891 зерттеу, оң нәтижелі – 12 621, оның ішінде қайталама және бақылау талдауы жүргізілді. 2 қазаннан бастап 691 рейстен 92 689 адам келді, оның ішінде теріс ПТР нәтижесі бар анықтамамен – 75 503 адам келсе, оның 15-і кері депортацияланды, карантиндік стационарға жатқызылған және тексерілгендер саны – 17 186. Олардың 44-де  оң нәтиже анықталды, - деді дәрігер.

Негізінен ең көп ауруға шалдығушы қатары жұмыскерлер - 43%, жұмыссыздар - 22,3%, зейнеткерлер - 11,7%. Зейнеткерлер арасында ауырғандардың 2%-ға, оқушылар арасында 3,4%-ға (қаңтар – 9,6%, ақпан -11,6%, наурыз-13%) өскені байқалады.

Өзгелердің жаңалығы