Оксана Әубәкірова: Қазақ, орыс, неміс деп бөлінбейтінбіз

26 Қыркүйек 2023, 09:07
1970
Бөлісу:
Оксана Әубәкірова: Қазақ, орыс, неміс деп бөлінбейтінбіз
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

"Шаңырақтың" бүгінгі мейманы журналист, қазақы көрерменге ыстық, дегенмен, кейінгі жылдары экраннан көрінбей кеткен жұлдыз - Оксана Әубәкірова.

Иә, бүкіл Қазақстан оны Оксана Лоскутова деп таниды. Алайда, қазір Оксана қыздарыңыз тұрмыс құрған, бірнеше жылдан бері Әубәкірова, әлбетте Әмина Әубәкірова деген балапанның мамасы.

Ақтөбеде, тарихы телегей Ойылда өскен Оксана өзінің өмір тарихынан сыр шертті. Телеарнаға тартылған жол, Ақтөбеден Астанаға сапар, қазіргі қызметі мен жұбайлық өмірдің қызықтары төңірегінде әңгіме төкті.

Қазіргі заманда біреуді ұрып қазақша үйрете алмайсың ғой. Әркімде намыс болсын деп тілейік, намысты адам ұлтының тілін ұмытпас, - деді Оксана ханым.

Сондай-ақ Астанадағы күнделікті тірлікте кездесетін кішкентай детальдар арқылы қазақ тілінің қолдану аясы кеңейіп келе жатқанын айтып, қуантты.

"Шаңырақ" - түрі өзге болса, тілі қазақша азаматтармен мемлекеттік тілде сұхбат құратын, сол арқылы қоғамға ой тастауды мақсат тұтатын жоба. Жоба негізінен елге танымал азаматтармен қатар, бұған дейін қалың жұртшылыққа беймәлімдеу боп келген жастар сөйлейтін алаң болмақ, көрерменге сонысымен де тартымды болуды көздейді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, "Шаңырақтың" алдыңғы санындағы қонағы - Қарағанды облысының тумасы Ольга Осипчук болды.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы