«ӨКМ Операторы» ЖШС басқарушы директорының денесі табылды

26 Қаңтар 2022, 14:03
1749
Бөлісу:
«ӨКМ Операторы» ЖШС басқарушы директорының  денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның құқықтық мәселелер бойынша басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің өліміне қатысты тергеу басталды. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.

«ӨКМ Операторы» ЖШС-ның құқықтық мәселелер бойынша басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің өліміне қатысты тергеу басталды. Суицид жасаған. Өз-өзіне қол жұмсаған. Ер адамның мүрдесінің табылу фактісі бойынша «Есіл» аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті таратқан хабарламада.

 Ал Қылмыстық кодекстің 105-бабында жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланатындығы көзделген.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтың ұсталғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы