Өкінішке қарай Тудың жыртылу дерегі кездесіп тұрады – Алматы әкімдігі

4 Маусым 2021, 14:24
2503
Бөлісу:
Өкінішке қарай Тудың жыртылу дерегі кездесіп тұрады – Алматы әкімдігі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен сый өзгеше болу керек. Өкінішке қарай Тудың ескірген, жыртылған факторлары болып тұрады. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков «Тәуелсіздік рәміздері» тақырыбында өткен жиында айтты.

Оның айтуынша, ел тұрғындары Мемлекеттік рәмізді қастерлей білу керек және бұл тұрғыда халық арасында насихат жұмыстары кеңінен жүргізілгені абзал.

Өкінішке қарай кейде Тудың ескірген, жыртылған фактілері кездесіп тұрады. Бұл дұрыс емес. Туды сондай жағдайға жеткізгені үшін ол мекеме жауапкершілікке тартылады. Ол туралы Заңда жазылған. Біз әкімдік тарапынан осындай жағдай орын алмас үшін мониторинг жүргізіп, түсіндуру жұмыстарын өткізіп отырамыз, - дейді Айдар Есенбеков.

Айта кетсек, 1992 жылғы 4 маусымда еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері – Қазақстан Республикасының туы мен елтаңбасын бекітті.

Өзгелердің жаңалығы