Өкімет бізді заңсыздыққа итермелеп отыр – Алмас Таңғытұлы

20 Шілде 2023, 08:00
3834
Бөлісу:
Өкімет бізді заңсыздыққа итермелеп отыр – Алмас Таңғытұлы
Фото: BAQ.KZ

«Ұлттық идеология және ...» жобасының кезекті қонағы – ауыл туризмінің сарапшысы, отандық өндіруші, саяхатшы Алмас Таңғытұлы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Алмас Таңғытұлымен сұхбатты үш бөлімге бөліп қарастыруға болады. Біріншісінде ол рубль арзандауының отандық өндірушілерге қандай кесірі барын, ел дүкендерінің сөрелерінде неліктен Беларусь, Ресей өнімдері толып тұрғанын, отандық өндірістегі тексеріс пен жеткізу мәселесін айтып, заңға өзгеріс енгізуді ұсынды. Оның ойынша, «Қазақстан Ресей секілді өзге мемлекеттер тарапынан қыспаққа түссе, аштан қатады» және халықты 30 жыл бойы сыртқа түпкі өнім емес, қарапайым өнім сатуға итермелеген мемлекет саясаты.

Сонымен қатар, Алмас Таңғытұлы аралары неге қырылып жатқанын айтып, омарташылар жан айқайын жеткізді. Ол Қазақстанда ең қолайлы жағдай өндіріске емес, сатуға жасалғанын талдап берді. Өкімет өндірушілерді заңсыздыққа қалай итермелейтініне мысал келтірді. 

Екінші бөлімде сарапшы ауыл туризмі не екеніне тоқталып, оны дамытуға қандай кедергілер барын айтты. Қазақстандағы ауыл туризмін Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, АҚШ және Жапония сияқты елдермен салыстырды. Осы саланың артықшылықтарын, ауыл адамдары туризмді қалай табыс көзіне айналдыра алатынын, оларда қандай комплекс барын нақты мысалдармен талдап берді. Неліктен туризмді бесжұлдызды қонақүйге байлайтынымызға тоқталды. 

Үшінші бөлімде Алмас Таңғытұлы ел ішіндегі саяхат тақырыбы мен Nomad 4х4 саяхатшылар тобы ашқан тың жерлерге тоқталды.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы