ҰОК допингке қарсы күрес семинарын жалғастырды

4 Маусым 2020, 15:29
1531
Бөлісу:
ҰОК допингке қарсы күрес семинарын жалғастырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті спорттық медицина және допингке қарсы департаментінің арнайы бағдарламасы аясында допингке қарсы негізгі мәселелерге арналған арнайы семинар өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Оқыту жұмыстары – Бүкіләлемдік допингке қарсы кодексте айтылғандай, профилактиканың негізгі бағыты. Оқыту жұмыстарын арнайы кездесулерсіз онлайн түрде оқуға да мүмкіндік жасалған. ҚР ҰОК Спорттық медицина және допингке қарсы департаменті ұлттық құрама мүшелері мен қызметкерлеріне допингке қарсы күрестің негізгі мәселелері бойынша COVID-19 ғаламдық пандемия кезінде ағарту жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінгі таңда спортшылар, жаттықтырушылар және Ұлттық федерация өкілдерінің қатысуымен үстел теннисі, садақ ату, волейбол және шайбалы хоккей сияқты спорт түрлеріне арналған вебинарлар өткізілді. Вебинарларда мамандар допинг-бақылауға қатысты әртүрлі тақырыптарды талқылады.

Атап айтқанда, спорттағы допингке қарсы халықаралық саясат, допингке қарсы бұзушылықтардың түрлері, тыйым салынған заттар мен препараттардың жаңартылған тізімі, мониторинг бағдарламасы, спортшылар мен ұлттық федерацияларға қолданылатын санкциялар, Қазақстан Республикасының допинг саласындағы заңнамасындағы өзгерістер де тілге тиек етті. Семинар барысында қатысушылар белсенді сұрақтар қойып, түрлі жағдайларды егжей-тегжейлі талқылады. WADA 2021 кодексі мен 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін халықаралық стандарттар туралы жеке тақырып қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы