Одақ құрамындағы кей елдер неге тауарларға кедендік тексеру жүргізеді?

4 Ақпан 2021, 19:42
1270
Бөлісу:
Одақ құрамындағы кей елдер неге тауарларға кедендік тексеру жүргізеді?
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуразиялық экономикалық одақта кедендік шекаралар мен бақылау болмаса  Ресей Федерациясы неліктен кей тауарларға ветеринариялық, санитарлық тексеру жүргізеді? 

Бұл қаншалықты заңды? Бұл сауалға  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Еуразиялық экономикалық интеграция: азаматтар мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер» брифингінде Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі  Олег  Панкратов жауап берді.

Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ келісімінің  25-бабы одақ көлемінде тауарлардың  еркін айналымын қамтамасыз етеді. 

Кедендік кодекс те сол еркіндіктің жүзеге асуын көздейді. Дегенмен Кедендік кодекстің 331-бабы тауардың заңсыз жолмен кірігізілгендігіне күмән туындаған жағдайда пост шекаралық тексеру жүргізу құқығын береді. Алайда бұл жаппай тексеруге бағытталмауы тиіс, тек тәуекел жағдайларында қолданылады,- деп атап өтті ол.
Спикердің сөзінше, жалпы  заңнамалық қатынастардың бірқатар ньюанстары бар. Бірыңғай кедендік кеңістік бірыңғай кедендік тарифтің болуын да қамтамасыз ету керек. 

Өкінішке орай біз межеге әлі жеткен жоқпыз, сол бағыттамыз, әлі де көптеген елдердің өз алымдары бар. Мысалы Қазақстанды алатын болсақ, оның Бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіруі тарифтердің үлкен айырмашылығын тудырды. Сонымен қатар, сол ұйымның келісімінің аясында Қазақстанның тараптар алдындағы міндеті бекітілді. Соның негізінде  Қазақстан оның тауарларын тек ішкі нарықтағы айналымда болуына  жауапкершілікі алды. Ал Қазақстанмен шекаралас елдер сол тауарлардың өз нарықтарына енбеуін белгілі бір бақылау құқығына ие болды, - деп жауап берді Олег Панкратов.

Өзгелердің жаңалығы