Қобызшы Оразғали Сейітқазы өмірден өтті

18 Шілде 2020, 00:13
3525
Бөлісу:
Қобызшы Оразғали Сейітқазы өмірден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қобызшы, ұстаз, дирижер, күйші, композитор Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оразғали Сейітқазы өмірден өтті.

Бұл туралы журналист Аманғали Қалжанов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Осыдан он шақты күн бұрын "Жаман аурудан тынысым тарылып, реанимацияда жатырмын" деп фейсбукке жазған еді. Ажал ақыры алып тынған екен. Бүгін қобызшы, ұстаз, дирижер, күйші, композитор Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оразғали Сейітқазының жалғанда татар дәм-тұзы таусылыпты, – деп жазды ол.
Қасиетті Қарқаралы топырағында дүниеге келген Оразғали Сейіт­қазы Құрманғазы атындағы консерваторияның прима-қобыз сыныбын Фатима Балғаевадан, қылқобыз сыныбын Дәулет Мықтыбаевтан бітірді. Бұған қоса, Тұрғыт Османовтан дири­жерлікті, Латиф Хамидиден музыкалық шығармаларды оркестрге түсірудің қыр-сырын үйренді. Болат Сарыбаев құрған оркестрдің мүшесі болды. Қазақ кино өнерінің классикасына айналған "Қыз Жібек", "Құлагер" фильмдерінің музыкамен көркемделуіне атсалысты. 1974 жылдан бері Семей топырағында жемісті еңбек етті. Осы жылдар аралығында қазақ ұлттық аспаптар оркестріне, үрмелі аспаптар оркестріне, симфониялық оркестрге, хорға, жекелеген музы­калық аспаптарға арнап талай шығарманы лайықтады. Ұстаз ретінде үш әдістемелік оқулық, оннан астам күй, отыздан астам ән жазды.
Өзгелердің жаңалығы