Қызылорда облысында індет жұқтырғандар саны 200-ден асты

30 Сәуір 2020, 23:26
1287
Бөлісу:
Қызылорда облысында індет жұқтырғандар саны 200-ден асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы 3 адам жайлы хабарлады.

Вирусты жұқтырған 3 адам да Қызылорда қаласының тұрғыны, барлығы 40 жастан асқан әйел адамдар. Бұл кісілерден коронавирус инфекциясы қауіптілік топтарын скринингтік тексеру барысында анықталған. Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр - делінген хабарламада.

Ауру ошақтарында індетке қарсы іс-шаралар атқарылып, аурудың жұғу жолы мен қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

30.04.2020 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 201 адам тіркелген, оның ішінде емделіп шыққандар саны — 118, ем қабылдап жатқандар саны — 83.

Өзгелердің жаңалығы