Облыстық және аудандық жолдар сапасы жақсарды – ИИДМ

14 Қаңтар 2020, 14:12
1509
Бөлісу:
Облыстық және аудандық жолдар сапасы жақсарды – ИИДМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың қорытындыларына сәйкес жергілікті жолдардың сапа көрсеткіші 71%-ке жетті. Өткен жылы ел өңірлеріндегі жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 68 % құраған болатын.

2019 жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды дамытуға 200 миллирдтан астам теңге бөлінді. Аталған қаражат есебінен 2019 жылы республиканың бар аумағында 386 жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда, 37 жоба – жол құрылысымен, 34 жоба – жолдардың реконструкциясымен, 60 жоба – жолдарды күрделі, 255 жоба – орташа жөндеуден өткізумен байланысты. Тұтастай алғанда, жөндеу жұмыстарымен қамтылған жолдардың жалпы ұзындығы 4 617 шақырымды құрады. Осылайша, жыл қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесі 71% -ке жетті, - делінген ақпаратта.
2019 жылы жүзеге асырылған жобалардың саны бойынша көшті Маңғыстау облысы бастап тұр. Мұнда жолдарды реконструкциялауға бағытталған 5 жоба, жолдарды салуға бағытталған 2 жоба жүзеге асырылды. Облыс жақсы жағдайдағы жергілікті жолдардың сапасына қатысты рейтингте де бірінші орында. Өңірде облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 92% жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда.
2020 жылы республикада жолдардың 4 мыңнан астам шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылып, 350 жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті жолдар желісінің үлесі 75%-ке жеткізілмек, - дейді ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, алдағы 5 жылда Қазақстанда 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік "Нұрлы жол" бағдарламасының аясында жолдардың 25 мыңнан астам шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылып, жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті автомобиль жолдарының үлесі 95%-ке дейін жеткізіледі деп жоспарланып отыр.
 

Өзгелердің жаңалығы