БҚО және Түркістан облыстарында тіркелген соңғы науқастар жайлы

10 Мамыр 2020, 23:31
1305
Бөлісу:
БҚО және Түркістан облыстарында тіркелген соңғы науқастар жайлы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы науқастар жайлы ақпарат таратты.

Коронавирус инфекциясы анықталған 5 адамның 4-і Ресей Федерациясында жұмыс істейтін азаматтар. Олардың екеуі 1979 және 1975 жылғы Түркістан облысының, біреуі 2000 жылғы Шымкент қаласының және біреуі 1975 жылғы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны. Ресей Федерациясымен шекарадағы "Тасқала" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия жасап, сауалнама жүргізу кезінде денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды. Сонымен қатар, тағы бір пациент 1986 жылғы Орал қаласының тұрғыны. Өзіне дейін вирусты жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғандықтан карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен барлығында да COVID-19 диагнозы нақтыланып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды - делінген хабарламада.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.
10.05.2020 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 249 адам тіркелді, оның ішінде 96 науқас жазылып шыққан.

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелді.

COVID-19 инфекциясы Арыс қаласының 1948 ж. және 2009 ж. тұрғындарынан зерттеу жұмыстары барысында анықталды. Сонымен қатар Түркістан қаласының 1969 ж., 1975 ж. және 1988 ж. тұрғындарының сынамасы да вирустың жұқтырылғанын көрсетті. Қазіргі таңда аталған науқастармен жақын байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынды. Науқастар оқшауланып, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алуда. Жағдайлары қанағаттанарлық - делінген жедел штаб мәліметінде.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

10.05.2020 ж. мәліметке сәйкес Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 180-ге жетті, оның ішінде 76 адам жазылып шықты. 

Өзгелердің жаңалығы