Облыс прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен кетті

18 Қазан 2024, 16:24
2853
Бөлісу:
Облыс прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен кетті
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив

Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С. С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е. К. Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды. Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болды, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бүгін Президент Ішкі істер министрі орынбасарын лауазымынан босатқан еді. Сондай-ақ полиция бүгін Талғардағы 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тағы бір адамды ұстаған еді.

Бұған дейін Талғар қаласының әкімі мен орынбасары және Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметінен босатылған еді.

Өзгелердің жаңалығы