Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті жыл сайынғы халыққа Жолдауында «сыбайлас жемқорлықтан азат аймақтар» жобасын іс қосып, жемқорлықпен күресуді белсенді түрде жалғастырудың маңыздылығын атап өткен болатын. Осы бағытта Қарaғанды облысында «Сарыaрқа-адалдық алаңы» жобасы құрылып, бірқатар шаралар атқарылуда.
Қарағанды өңірінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлықпен күресіп, парақорлықты жою бағытында жергілікті әкімдіктер мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл aгенттігінің Қaрағанды облысы бойыншa департaменті бірлесіп «Сарыaрқa-адалдық алаңы» жобaсын жүзеге асыруда.
«Жоба үш бөлім бойынша жүзеге асырылады. Біріншіден, бұл тұрмыстық жемқорлықты жою және тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау. Бұл бөлім білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, құрылыс, архитектура, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, мемлекеттік кіріс органдары, сот, құқық қорғау қызметтерін қадағалауға бағытталады. Екіншіден, қоғамдық бақылауды іске асыру. Яғни мемлекеттік сатып алуларды қадағалау. Үшіншіден, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру», - дейді Мемлекeттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қaрағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсенов.
Жоба бойынша азаматтардың мемлекеттік қызмет түрлерін қолдануда ыңғайлы жағдай жасалып, тұрмыстық сипаттағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында жыл бойы шаралар атқарылатын болады. Соның бірі «Оpen space» типіндегі кабинеттер.
«Сарыарқа-адалдық алаңы» жобасы өткен жылдың соңында іске қосылған болатын. жобаның мақсаты тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту мен азаматтардың мемлекеттік билік органдарына сенімін арттыру. Жоба аясында «Оpen space» алаңдары жергілікті әкімдіктерде ашылуда. Бүгінде Қарағанды облысының Шет ауданының әкімдігінде «Оpen space», Қарағанды қалалық әкімдігінде «Open Karaganda» алаңдары жұмыс істеп тұр», - дейді «Сарыарқа-адалдық алаңы» жобалық офисінің жетекшісі Малика Күсембаева.
Бұл алаңдар бір терезе қағидаты бойынша жұмыс жасайды. Тұрғындардың ыңғайлылығы үшін ашылған кабинеттерде электронды табло, күту аймағы және өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Бұл азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу үшін барысындағы кедергілерді азайтуға мүмкіндік бермек. Мұнда сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға да жағдай жасалған.
Алдағы уақытта фронт-кеңселер Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының барлық әкімдіктерінде ашылмақ.