Облыс, аудан басшыларының туған-туыстары жер иеленіп отыр - заңгер

25 Наурыз 2021, 13:42
4914
Бөлісу:
Облыс, аудан басшыларының туған-туыстары жер иеленіп отыр - заңгер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында «Bazarbek & Partners» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, заңгер, жер құқығының сарапшысы Бақытжан Базарбек әр облыста, әр ауданда аудан әкімінің орынбасары, яғни жер комиссиясының төрағасы, жер қатынастары басшысының туған-туыстары, ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының туған-туысқандары жерлерді алып отырғанын айтты.

Инвестициялық жобалар аясында инвесторлар ауылшаруашылық жерлерді, сол сияқты құрылыс үшін бірқатар жерді алып отырғанын білесіздер. Бірақ жобаның инвестициялық икемін тану үшін арнайы ереже керек, - дейді ол.

Ауыл шаруашылығы министрлігінде осы ереженің жобасы жатыр. Ол ереже әлі де бекітілмеген.

Жер комиссиясының аясында жобаларды инвестициялық жоба ретінде тану туралы ережені дереу қабылдауды ұсынып отырмын. Себебі жергілікті атқарушы органдар кез келген жобаны өзінің пайымдауы бойынша инвестициялық деп танып, Жер Кодексінің 48-бабы бойынша оны конкурсқа шығармай, тікелей беріп отыр. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қалыптастырып отыр, - деп атап өтті сарапшы.

Оның сөзінше, Жер Кодексіне 43-1-бабы енгізілді. Ол бап бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шаруа-ферма қожалығына және ауыл шаруашылық тауарлы өндіріс жүргізу үшін конкурсқа беріп отырмыз. 

Сондай-ақ 43-1-бапқа мүдделердің қақтығысуы деген норма енгізілген. Себебі әр облыста, әр ауданда аудан әкімінің орынбасары, яғни Жер комиссиясының төрағасы, жер қатынастары басшысының туған-туыстары, ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының туған-туысқандары жерлерді алып отыр. Ал мүдделердің қақтығысы бабы бойынша бар болғаны тәртіптік жауапкершілік қарастырылған.

Егер Жер Кодексінің 43-1-бабы бойынша алдын ала конкурс беріп, өтінішін қарау кезінде мүдделердің қақтығысы болса, конкурстық өтініштерді қайтарып жіберу нормасын енгізсек, сыбайлас жемқорлықтың алдын аламыз, - деп түсіндірді Бақытжан Базарбек.

Өзгелердің жаңалығы