Объективтегі әскерлер: журналистер шынайы өмірін көрді

Кеше, 14:19
232
Бөлісу:
Объективтегі әскерлер: журналистер шынайы өмірін көрді

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мақсатында Гвардиялық гарнизонның әскери бөлімдерінің базасында тақырыптық баспасөз туры ұйымдастырылды, BAQ.KZ.

Сапар барысында баспасөз өкілдері әскери бөлімдердің бірнеше негізгі нысандарын, яғни жауынгерлер ұрыс қимылдарына жаттығатын оқу полигондарын, сондай-ақ техникалық қамтамасыз ету орталықтарын аралап шықты. Журналистер мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің күнделікті өмірімен де танысты. Олардың жауынгерлік даярлығының қыр-сырына қанықты.Сонымен бірге, сондағы білікті әскери қызметшілер тарапынан республикалық ауқымдағы түрлі оқу-жаттығуларға қатысты және басқа да мәселелерге байланысты тұшымды жауап алды.

Сонымен қатар, журналистер әскери қызметшілердің қызмет ету және тұрмыс жағдайларын көрсететін тұрғын және оқу корпустарына да барды. Қолбасшылық өкілдері Қарулы Күштерді жаңғырту, жеке құрамды даярлау бағдарламалары және Құрлық әскерлерін дамыту перспективалары туралы қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сапар барысында әскери техника саласындағыең жаңа әзірлемелер, сондай-ақ тактикалық жәнедене шынықтыруды қамтитын оқу процесінің ерекшеліктері көрсетілді.

Журналистермен өтетін мұндай кездесу біздіңәскери қызметшілеріміздің жауынгерлік дайындығын және оның деңгейін шынайы көрсетеотырып, олардың қызметі туралы объективті пікірқалыптастыруға көмектесетініне сенімдіміз. СапарҚарулы Күштер жұмысының ашықтығын нығайтумен жұртшылықпен сенімді қарым-қатынасорнатудағы маңызды қадам болды, – деп атап өттігенерал-майор Мереке Көшекбаев.

Баспасөз турына қатысушылар мұндай сапарлардың Қарулы Күштердің оң имиджін қалыптастыру және әскери және азаматтық қоғамарасындағы ашық диалогты дамыту үшін маңыздыекенін айтты.

Ұйымдастырылған бұл шара бізге армияныңжұмысын тікелей көзбен көруімізге мүмкіндікберді. Соның нәтижесінде біз әскери өмір мен онда кездесетін әртүрлі қиындықтар туралы, сондай-ақел қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асатын жеке құрамды дайындау ісі жайында жан-жақты мағлұмат алдық, - деп атап өтті белгіліқазақстандық блогер Тимур

Баспасөз турының соңында оған қатысқан Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ашықжәне мазмұнды кездесу үшін және әскери қызметшілердің ұйымшылдығы мен жоғары кәсібилігіне өз ришалықтарын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы