Қоқысты дұрыс тастамайтын тұрғындарға айыппұл салынады

11 Маусым 2020, 13:03
3686
Бөлісу:
Қоқысты дұрыс тастамайтын тұрғындарға айыппұл салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында қоқыс тастауды үйренбеген тұрғындарға 20 АЕК айыппұл салынады, деп хабарлады Polisia.kz.


Полиция қызметкерлері қалада қоқыс тастайтын жерлерді анықтайтынын хабарлады. Бұл әкімшілік учаскені полиция инспекторымен аралап шыққан кезде, жергілікті-рейд жүргізген кезде тексереді, сондай-ақ, "102" пультіне немқұрайлы емес тұрғындар хабарлайды. Хабарламада айтылғандай, ұйымдар ғана емес, сондай-ақ, пәтерді немесе үйді жөндеуді жүзеге асыратын тұрғындар да тәртіп бұзады.

Қалада үнемі өтетін жаппай сенбіліктерге қарамастан, аулалар мінсіз емес. Көп жағдайда шағын аудандардағы контейнерлік тұрақтардың айналасындағы аумақ қоқыс үйінділерінің астында болады. Құрылыс қоқысы, тамақ қалдықтары, шөлмектер, целлофан пакеттері және осының барлығы жартылай бос контейнерлік бактардан бірнеше метрде жатады. Жөндеу жұмыстарынан кейін ескі жиҺазды тастайтын қала тұрғындарының жауапсыздығы жағдайды одан әрі ушықтырады.

Полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыларды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы (қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ескерту немесе жеке тұлғаларға 20 АЕК көлемінде айыппұл салуға әкеп соқтыратынын еске салады.


Өзгелердің жаңалығы