Қоқыс өңдеушілерге құлаққағыс

2 Ақпан 2020, 15:55
1710
Бөлісу:
Қоқыс өңдеушілерге құлаққағыс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ӨКМ Операторы Қазақстанда автокомпонент және қаптама қалдықтарын жинау, қайта өңдеу сондай-ақ залалсыздандыру бойынша тендер жариялады.

Аталған қызметке ӨКМ Операторы 5,2 млрд теңгеден астам қаражат бөліп отыр.

Тендер 232 мың тоннадан астам қалдықты жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша ойнатылады. Оның ішінде 35 мың тонна тозған шинаға, 40 мың тонна пайдаланылған майға, 20 мың тонна ескі аккумулятор батареяларына, 7 мың тонна антифриз қалдығына, сондай-ақ 130 мың тоннадан астам қаптама қалдықтарын қайта өңдеу қарастырылып отыр – делінген мекеме ақпаратында.

Тендерге қатысуға тапсырыс 2020 жылдың 10 ақпанына дейін қабылданады. Қорытынды ақпан айының соңында жарияланады.

2020 жылдан бастап ӨКМ Операторы қалдықтарды жинауға, қайта өңдеге және компанияның әкімшілік шығындары бойынша қызметтерді сатып алуды электронды сауда алаңында өткізуге ауыстырды.  

Жаңа жүйені енгізу компанияның сатып алу қызметін жоспарлы цифрландырумен, өткізілетін тендерлердің ашықтығын арттырумен, сондай-ақ жаңа орындаушыларды тарту қажеттілігіне байланысты жүргізіліп отыр.

ӨКМ Операторы өткізетін сатып алу лоттары Mp.kz электронды сауда алаңында ұсынылатын болады. Осы жүйедегі сауда-саттық мемлекеттік сатып алу порталындағы сияқты жүргізіледі.

Қалдықтарды жинаушы, қайта өңдеуші және кәдеге жаратушы ұйымдар ӨКМ Операторының электронды сауда алаңында ұсынылған сатып алуларына тегін қатыса алады. Электронды сауда-саттықтың жеңімпазы автоматтандырылған жүйе арқылы анықталатын болады.

Өзгелердің жаңалығы