Оқушылардың басым бөлігі вирус жұқтырған жағдайда мектеп жабыла ма?

27 Тамыз 2020, 14:08
2095
Бөлісу:
Оқушылардың басым бөлігі вирус жұқтырған жағдайда мектеп жабыла ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа бүгін ҚР Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова жауап берді.

Егер сыныпта бір оқушыдан коронавирустың инфекция анықталса, мамандар эпидемиологиялық тексеріс жүргізеді. Сол сыныптың оқушылары, сабақ беретін мұғалімдер және бір инкубациялық кезеңде тығыз қарым-қатынаста болған барлық адам оқшауланады, зертханалық тексеруде өтеді. Егер ауру бірнеше сыныпта немесе әртүрлі сыныптарға сабақ берген мұғалімдерде анықталатын болса, аурудың одан әрі таралуына болдырмау мақсатында мектеп толық жабылуы мүмкін, - деді бас санитар. 

Айта кетейік, ол бұған дейін санитарлық ережелерге қатысты қолданыстағы нормативті-құқықтық акті бойынша және республиканың, аймақтың бас санитарлық дәрігерінің хаттамасына сәйкес, ешбір салада қызметкерлер мен келушілерге міндетті ПТР тестілеуден өтуі керек деген тәртіп жоқ екенін айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы