Оқушылар арасындағы сайыс: Абайды оқы, таңырқа!

31 Мамыр 2020, 12:33
3190
Бөлісу:
Оқушылар арасындағы сайыс: Абайды оқы, таңырқа!
PHOTO
Фото: автордан

Солтүстік Қазақстан облысы BAQ.KZ тілшісі. Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде "Абайды оқы, таңырқа" атты байқау ұйымдастырылды. Ақынның қара сөздерін өскелең ұрпақтың санасына сіңіруді мақсат еткен сайыс 15 апта бойы жалғасты.

Зияткерлік байқау елімізде төтенше жағдай жарияланып, білім беру мекемелері қашықтықтан оқытуға ауысқан кезде де жалғасын тапты. Оқушылар аталған байқауға қашықтан қатысқан.

Абай атамыздың қара сөздері – өз ұлтының нағыз жанашырларын тәрбиелейтін ерекше шығармалар десек, артық болмасы анық. Қайсысын алып оқысақ та, санамызға ой салып, дүниетанымызды кеңейте түседі. Үш ай аралығында қара сөздердің мәнін зерделеген зияткер жастарымыз бойларына ерекше қуат алғанына көзіміз жетті. Оны жүйелі түрде әлеуметтік желіде жарияланып отырған жеңімпаздар мен күн сайын жүктелген шағын есептерден байқауға болады. Студенттеріміз аталған марафон аясында Абай шығармаларын оқып, зерделеу, олардың күнделікті әдеттерінің біріне айналғанын атап өтті. Сондықтан адамгершілікке, бірлікке, оқу-білімге шақыратын Абай шығармаларын санамызға тоқи отыра, мәнісін түсініп, жанымызға жақын тартып Ұлы бабамыздың нұсқауымен жүрсек, келешегіміз жарқын, болшағымыз баянды боларына сенімім мол, - дейді Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің куратор-педагогы Анар Сыздықова. 

абайга1.jpg


 

Байқау шартына сәйкес әр аптада Абайдың 3 қара сөзі таңдап алынады. Шәкірттер оны оқып, талдайды. Сол қара сөздер негізінде алдын-ала тест сұрақтары құрастырылады. Арнайы сілтеме арқылы бір уақытта сайысқа қатысушылар берілген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Сауалдардың шешімін ең жылдам көрсеткен оқушы сол күнгі сайыстың жеңімпазы атанады. Әр жеңімпазға түрлі сыйлықтар табысталады. Сайысты ұйымдастырушылар бұл балалар үшін жақсы мотивация болғанын атап өтті. Байқау қорытындысы бойынша 10 оқушысы Мағжан Мақтабек 3-ші орынға ие болды. Ол өзіне өмірлік азық жинағанын айтады.

Бұл байқау маған үлкен тәжірибе жинауға көмектесті. Абай бабамыздың өз заманында айтып кеткен сөздері бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпағанына таң қаламын. Әр қара сөзін оқып, жаттап, мағынасын терең ұғынуға тырыстым. Абайды түсіну – оңай шаруа емес. 4 рет сайыс жеңімпазы атанып, әртүрлі сыйлықтарға ие болдым. Ал сайысқа қатысу арқылы алған біліміме ешқандай баға жетпейді. Ол маған сарқылмас өмірлік азық болады. Әр бала бірінші болу үшін Абайдың қара сөздерін жаттады. Басым көпшілігі сұрақтарға қатесіз жауап береді. Ең жылдамы ғана жеңімпаз атанады, - дейді оқушы. 

абайга2.jpg


 

15 апта бойы белсенділік танытып, сайыста бірнеше мәрте жеңгеден балалар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлдеге тігілген велосипедке Ділназ Төлебаева ие болды. Бірақ карантиндік шаралардың жалғасуына байланысты сыйлығы әлі қолына тимепті.

Мен байқауға 30 рет қатысып, 8 рет жеңімпаз атандым. Бас жүлдеге ие боламын деп ойламаған едім. Абайдың қара сөздерін толығымен 5 рет оқып шықтым. Өмірлік ұстанымым өзгерді. Адамдар, қазақ халқына деген көзқарасым қазір басқа. Өсы өмірдегі ең басты құндылық – талаптана білу екенін ұқтым. Адамның ең жаман қасиеті – жалқаулық, - дейді Ділназ. 

приз.jpg

Ұйымдастырушылар Абайдың 175 жылдығына арналған шаралар мектепте жүйелі түрде ұйымдастырылып тұратынын жеткізді.

велик44.jpg


 


 


 

 

Өзгелердің жаңалығы