Оңтүстік Кореяда карантиннен кейін ашылған клубтар қайтадан жабылды

10 Мамыр 2020, 15:13
1416
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяда карантиннен кейін ашылған клубтар қайтадан жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантиннен кейін ашылған клубтарды қайта жабады. Себебі коронавирус індетін жұқтырушылар саны күрт өскен, деп хабарлады ria.ru сайты. 

Оңтүстік Кореяда бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 34 жағдайы тіркелген. Географиялық жағынан 14 оқиға Сеулде, алтауы - Кенгидо орталық провинциясында, үшеуі - Инчхонда, екеуі - Тэгу қаласында және Чунчхон-Пукто провинциясында тіркелген. Бір індет жұқтырған Чеджу аралында пайда болып, алты адам шекарада карантиндік тексеру барысында анықталған.

12 сәуірден бастап бұл ең жоғары көрсеткіш, үш апта бойы Оңтүстік Кореяда бір тәулік ішінде шамамен 10 жаңа жұқтырған науқас тіркелген, көптеген жағдай шетелден әкелінген.

Елдегі коронавирустың жаңа ошағы мамыр айының 1-нен 2-іне қараған түні 29 жастағы науқас өзінің диагнозын білмей, Енин қаласынан Кенгидо провинциясында Сеулдегі Итхэвон адам көп шоғырланған ауданына барып, бірнеше клуб пен барға барып қайтқан. Онда Пусан және Инчхон сияқты басқа қалалардың тұрғындары да болған. 

Биліктің айтуынша, вирус тасымалдаушымен кемінде 1,9 мың адам байланыста болған, оның 27-інде COVID-19 расталған.

Билік расталғандардың саны өсе береді деп күтуде. Осыған байланысты үкімет 7 маусымға дейін барлық клуб пен ойын-сауық орнын қайта жапты. Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяда коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 10 874-ті құрайды, 9 610 науқас емделіп шыққан. 256 адам аурудан қайтыс болған.

Айта кетейік, Оңтүстік Корея 6 мамырдан бастап карантин режимінен шыққан еді. Мектеп пен қоғамдық нысандардың жұмысы біртіндеп қалыпқа келген, бірақ азаматтар вирустың алдын алу бойынша базалық нұсқауларды ұстанулары керек. Сонымен қатар, адамдар екі метр қашықтықты сақтаулары қажет.
Өзгелердің жаңалығы