Оңтүстік Кореяда екі жыл ішінде «ақылды зауыт» санын 30 мыңға жеткізу көзделген

20 Тамыз 2020, 20:09
1438
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяда екі жыл ішінде «ақылды зауыт» санын 30 мыңға жеткізу көзделген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда 2 жылдан кейін «ақылды зауыттар» саны 30 мыңға жетеді деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің Ұлттық Ассамблеясы осындай кәсіпорындарды құру стратегиясын талқылады. Смарт зауыттар өндірісті арттырып, өнім сапасының 43 процентке өсіруі мүмкін. Ал тауар өндіруге кететін шығын көлемі 16 процентке азаймақ. Қазір Корея Республикасында 12 мыңнан астам «ақылды зауыт» бар. 

Корея өндірістік зерттеу орталығының сарапшысы Чо Ён Джудің пікірінше, үкімет бұл үшін сынақ алаңы мен смарт кәсіпорындармен айналысатын институт құру керек. Еске сала кетейік, осыдан бір ай бұрын
Оңтүстік Корея билігі экономиканы дамытудың жаңа стратегиясына көшетінін жариялады. Ол жасыл энергетика, цифрландыру және халықты әлеуметтік қорғауды қарастырады. Бұл мақсаттарға 2025-ші жылға дейін 133 миллиард доллар бөлу көзделген.  

Ақылды зауыттарды көбейту үшін өндірістік кәсіпорындар мен смарт технологияларды өндірушілер кіретін бірлестік құру қажет. Бұл олардың тығыз ынтымақтасып әрекет етуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар үкімет ақылды зауыттарды құруға қабілетті инжинирингтік компанияларға қолдау көрсетуі тиіс, - дейді Корея өндірістік техниканы зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Чо Ён Джу.   


Өзгелердің жаңалығы