Оңтүстік Калифорния жағалауында кеме өртеніп, 8 адам көз жұмды

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Калифорния жағалауында өрттен қаза тапқан 8 адамның денесі табылды, деп хабарлады 24.kz. </p>

3 Қыркүйек 2019 2019, 23:37
АВТОР
 3 Қыркүйек 2019 2019, 23:37
3 Қыркүйек 2019 2019, 23:37
1965

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Калифорния жағалауында өрттен қаза тапқан 8 адамның денесі табылды, деп хабарлады 24.kz.

Белгілі болғандай, марқұмдар отырған кеме жанып кеткен. Болжам бойынша мерт болғандардың саны әлі де артуы мүмкін. Жергілікті шерифтің хабарлауынша, борттағы қалған 26 адамның тағдыры беймәлім. Жағалау күзеті Санта-Крус аралының маңында биіктігі 23 метр болатын теңіз көлігінде түнгі уақытта өрт шыққанын хабарлайды. Ол кезде жолаушылардың барлығы ұйықтап жатқан еді. Ал  5 экипаж мүшесі қашып үлгерген. Жалпы кемеде 39 адам болған. Қазір құтқарушылар су астына кеткен кемені сыртқа шығаруға кірісті.



Наверх