Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) сарапшысы Жұмабек Сарабеков түрлі шешім қабылдау мен басқарудағы азаматтық бастаманы көтермелеу және одан әрі қолдау тұрақты саяси жүйенің және конституциялық құрылыстың мызғымастығының кепілі болары анық екенін айтады.
Конституцияның қоғамдық қатынастардың негіздерін анықтайтын және мемлекет дамуының негізгі мақсаттары мен принциптерін белгілейтін негізгі заң ретіндегі рөлі мен маңызы күмән тудырмайды. Түрлі елдердің қазіргі даму тарихы көрсеткендей, қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету мемлекетте демократиялық конституциялық жүйенің болуына тікелей байланысты. Жаһандық әлемнің бір бөлігі бола отырып, Қазақстан жаңғыруға бағыт алған ашық мемлекет ретінде қазіргі заманның көптеген үрдістерінің әсерін терең сезінетінін атап өткен жөн. Біріншіден, әлеуметтік және мәдени сипаттағы жаңа тенденциялар. Осындай маңызды жаһандық трендтердің бірі саясат пен саяси процестің жаңа келбетімен байланысты. Саясаттың құрылуы мен жұмыс істеуі, саяси институттар, сайлау жүйесі, мемлекеттің рөлі мен міндеті, әлеуметтік келісім – бүгінгі таңда қоғамдық өмірдің осы басты негіздері ауқымды және кейбір кезде түбегейлі жаңаруды бастан кешуде, – дейді ол.
Сарапшы бұл процестің мәні мен негізгі бағыттары қазір саясаттың қоғамдық, бұқаралық болуына байланысты екенін айтады.
Жаһандық ауқымда алып қарасақ, халықтың саяси санасы біртіндеп ояна бастады. Кешегі саясаткер қазір саяси әрекеттің пассивті объектісі болып қала береді және оның басты акторларының біріне айналады. Қазақстан мұнда да сырт қалған емес. Біздің қоғамда бүгінгі таңда маңызды өзгерістер болып жатыр. Көп дүние әлі де болса, ғылыми түсінікті талап етеді, бірақ қазақстандықтардың саяси сұранысы сапалы түрде өзгеретіні анық. Ең алдымен, азаматтардың саяси белсенділігі артып келе жатқанын байқауға болады. Дәстүрлі түрде қазақстандық саясатта мемлекет басым, бірақ қазір біз жаңа қоғамдық қозғалыстар, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ түрлі кәсіби қоғамдастықтардың жекелеген өкілдері түрінде азаматтық қоғамның ел өміріне белсенді қатысатынын көріп отырмыз. Осы құрылымдық өзгерістердің барлығында жұмыс істейтін билік оң өзгерістердің қайнар көзін көретіні маңызды. Азаматтардың өзгерген бағытына сәйкес ҚР билік құрылымдары айтарлықтай реформалануда. Түрлі шешім қабылдау мен басқарудағы азаматтық бастаманы көтермелеу және одан әрі қолдау тұрақты саяси жүйенің және конституциялық құрылыстың мызғымастығының кепілі болары анық, - дейді сарапшы.