Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан баспасөз клубы ұйымдастырған баспасөз конференциясы барысында қоғам қайраткері, «Қыз тағдыры» әлеуметтік жобасының авторы Kaliya айтты.
Қазақстанда жыл сайын әйелдерден зорлауға қатысты 2 мыңнан астам өтініш тіркеледі. Оның ішінде сотқа қылмыстық істердің 10% -ы ғана жетеді. Ал жазаланатындар саны да тек 10 пайызды құрайды. Сондай-ақ, жазылған арыздардың ішінде 2 пайызы жалған болып шығады. Бұл қылмыскерлер одан әрі де жасаған істерін қылмысқа жатқызбай, өмір сүре береді. Яғни, бұл бойынша қате түсінік қалыптасады. Істерін де жалғастыра береді, - деді ол.
Оның айтуынша, қоғам да зорлық-зомбылық құрбандарын кінәлап, зорлаушыларға кешіріммен қарайды.
Құқық қорғау органдары да зорлаушылардың құқығын қорғап, құрбандары туралы ұмытып жатады. Сол себепті де қоғам өздері жазалауға кіріседі. Біздің елдегі заңдар зорлық-зомбылық құрбандарына назар аударып, қол ұшын созады деп ойлаймын. Осындай жағдайларға душар болған әйелдерге айтатыным: «өзіңді кінәлама, ондай жағдайға сідер кінәлі емессіздер. Сіздерге зиян келтірген қылмыскерлер жауапкершілікке тартылуы керек», - деді ол.
Бейресми мәліметтер бойынша, елдегі әрбір оныншы әйел зорлық-зомбылық көреді.
Сондай-ақ, конференцияда зорлық-зомбылық құрбандарының психикалық денсаулығы мәселелері талқыланады.