Нью-Йорк қаласының Бруклин ауданында жаппай атыс болып, үш адам көз жұмды, тағы сегіз адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Report басылымына сілтеме жасап.
New York Post дерекке сәйкес, атыс жексенбі күні таңғы сағат 03:30 шамасында Краун-Хайтс ауданындағы Фрэнклин-авеню бойында орналасқан Taste of the City Lounge мейрамханасының ішінде болған.
Бұл туралы Нью-Йорк полициясының басшысы Джессика Тиш мәлімдеді.
Жергілікті БАҚ қаза тапқандар – жасы 27 мен 35-тегі үш ер адам екенін жазды. Жараланғандардың барлығы ауруханаға жеткізілгенімен, олардың жағдайы әзірге жарияланған жоқ.
Құқық қорғау органдары шабуылдың мән-жайын анықтап, оқ атқан күдіктілердің кім екенін тексеріп жатыр.