2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йоркте теракт жасады деп айыпталған Халид Шейх Мұхаммед пен оның 2 сыбайласы лаңкестік әрекетке қатысты кінәларын мойындауға келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы арқылы айыпталушылар өлім жазасының орнына өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Бұл туралы New York Times газеті хабарлады.
Айта кетейік, айыпталушылар 3 жылдан астам уақыт Орталық барлау басқармасының жабық түрмелерінде қамауда болып, 2006 жылы Гуантанамо түрмесіне жіберілген болатын.