Нью-Йорктегі кеме жасау зауытында тұрған баржада өрт шығып, кейін жарылыс болды. Салдарынан 16 адам зардап шекті, олардың үшеуі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Бұл туралы CBS телеарнасы қаладағы өрт сөндіру департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
Мәліметке сәйкес, Статен-Айленд әкімшілік округіндегі зауыттағы өрт 50 минуттан астам уақытқа созылған. Осыдан кейін жарылыс болған.
Зардап шеккендердің арасында 13 өрт сөндіруші, екі жедел жәрдем қызметкері және бір кездейсоқ өтіп бара жатқан адам бар екені айтылды.
Жарылыстың себебін анықтау үшін оқиға орнына қауіпті материалдармен жұмыс істейтін мамандар мен қоршаған ортаны қорғау департаментінің қызметкерлері барған.