Нысана көздеуден Бакуде басталған әлем кубогында отандастарымыз алғашқы жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, 22 жастағы Эльдар мен 19 жастағы Валерия үшін бұл әлем кубогындағы бірінші жүлдесі.
10 метр, тапанша:
1- орын (Түркия) Симал Йылмаз/Исмаил Келес;
2-орын (Қазақстан) Эльдар Иманкулов/Валерия Попелова;
3-орын (Қытай) Ли Хуе/Ю Хие (Әлем чемпиондары).
Аталмыш сайыста 28 мемлекет сынға түсіп, отандастарымыз біршама азулы қарсыластарынан басып озды.