Нысана көздеуден ел чемпионатының нәтижелері

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда қысқакалибрлі қарудан нысана көздеуден Қазақстан чемпионаты жалғасуда.</h4>

 28 Мамыр 2021 2021, 07:16
28 Мамыр 2021 2021, 07:16
1638

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда қысқакалибрлі қарудан нысана көздеуден Қазақстан чемпионаты жалғасуда.

Қысқакалибрлі тапаншамен 25 метрге нысана көздесуден Ольга Аксенова топ жарды. Екінші орында Ирина Локтионова, үшінші сатыда Елена Файнберг.  

Сондай-ақ 50 метрге нысана көздесуден Елизавета Король ел чемпионы атанды. Күміс жүлдені Елизавета Безрукова, қола медальді Дарья Калинина еншіледі. 
Ерлер арасындағы сында 50 метрге нысана көздеуден Валерий Рақымжан жеңіске жетті. Максим Мазепа екінші, Владимир Исаченко үшінші орыннан көрінген.  Ел чемпионатында 140-тан аса спортшы бақ сынауда. Турнир бүгін,  28 мамырда аяқталады.
Наверх