Нысана көздеу: «Алтын мерген» халықаралық турнирі басталды

25 Ақпан 2024, 21:17
467
Бөлісу:
Нысана көздеу: «Алтын мерген» халықаралық турнирі басталды
Фото: ҚР Спортты дамыту дирекциясы

Шымкент қаласында нысана көздеуден «Алтын мерген» халықаралық турнирі басталды.

ҚР Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, бір аптаға жалғасатын биылғы турнирге Қазақстаннан өзге Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан мен Беларусь Республикасынан келген 230 таңдаулы мерген өзара мықтыларды анықтап жатыр.

Аталған додада барлығы 25 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Қазақстан құрамасы сапында Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған Ислам Сатпаев, Арина Алтухова, Александра Ле, Константин Малиновский мен Никита Чирюкин сынға түсуде. Бұған қоса құрама сапында Валерий Рахымжан, Зухра Ирназарова, Фатима Ирназарова, Ирина Юнусметова, Елизавета Безрукова, Юрий Юрков, Асадбек Назиркульев сынды жүлде алып жүрген спортшылар да бар.

Өзгелердің жаңалығы