Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Бюро отырысында депутаттардың бастамасымен әзірленген әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелер туралы заң жобасы I оқылымда қарау ұсынылды.
Аталған заң жобасы еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың тетіктерін заңнамалық реттеу және жүйелендіру мақсатында әзірленді.
Сондай-ақ, алдағы жалпы отырыста салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық кодексіне заңнамалық түзетулерді енгізетін заң жобасы I оқылымда қаралмақ.
Сонымен қатар депутаттар назарына бірқатар ратификациялық заң жобасын қарау ұсынылды. Олар: Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастыққа қатысты келісім және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама.