Нығматулин Қытай елшісімен кездесті

8 Қаңтар 2019, 14:56
1528
Бөлісу:
Нығматулин Қытай елшісімен кездесті

Астана, baq.kz. Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяоны қабылдады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Палата Спикері бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпиннің сындарлы саясатының арқасындағы екі ел арасындағы ынтымақтастық стратегиялық әріптестік деңгейінде табысты дамып кете жатқанын атап өтті.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, Жібек жолы экономикалық белдеуінің жаһандық жобасын жасау бастамасымен 2018 жылдың маусым айында Қазақстан Президентінің Қытайға және ҚХР Төрағасының елімізге 2013 жылғы мемлекеттік сапарлары Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстардың ерекше сипатын көрсетті.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин қос ел Президенттерінің «Нұрлы жол» және «Бір белдеу, бір жол» бағдарламалары бойынша бірлескен жұмыстардың нәтижелеріне тоқталды. Олардың қатарында Қорғас пен Ақтау порттары, «Қазақстан - Түрікменстан - Иран» теміржол дәлізі, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі және т.б. ірі инфрақұрылымдық жобалар бар.

Өз кезегінде, Елші алдағы уақытта да екіжақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетудің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан мен Қытай көшбасышыларының дана басшылығының арқасында жоғары деңгейде жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жол» және «Бір белдеу, бір жол» бағдарламаларына назар аударды.

Қытай дипломаты қазіргі уақытта 55 ауқымды индустриялық инвестициялық жобалардың қолға алынғанын тағы да бірқатар жаңа жобалар жоспарланып отырғанына тоқталды. Соның ішінде мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен туризм бағыттарын дамыту басты назарда болмақ.

Кездесу барысында парламентаралық қатынастарды күшейтуге баса мән беріліп, одан әрі кеңейтудің маңызды сұрақтары талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы