Нұржол бульварына 70 келі иірілген жіптен тоқылған шырша орнатылады

29 Желтоқсан 2020, 16:56
1565
Бөлісу:
Нұржол бульварына 70 келі иірілген жіптен тоқылған шырша орнатылады

Нқр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда биіктігі 6 метр болатын тоқылған шырша 29 желтоқсанда орнатылады. 

Екі апта бұрын Нұр-Сұлтанда «Құрақ көрпе стиліндегі экошырша» халықтық флешмобы басталды. Осы уақыт ішінде 20 сантиметрлік 2000-нан астам шаршы қосылды. Халықтық жоба Қазақстан қалалары мен елорда тұрғындарын біріктірді. Ресей мен Өзбекстанның қолөнер шеберлері де тоқуға атсалысты.

Безендіруге еліміздің түкпір-түкпірінен тоқымашылар, зейнеткерлер, қарттар үйі, қоғамдық қорлар, әлеуметтік кәсіпкерлер мен қолөнершілер қатысты. Мектептердің қамқоршылық кеңестерінің қолдауымен елордадаға 30 мектептің оқушылары, олардың ата-аналары мен мұғалімдері қатысады.

Нұржол бульварына 70 келі иірілген жіптен тоқылған шырша орнатылады

Нұр-Сұлтан мен оның маңындағы аймақтардан, Алматы, Петропавл, Ақтөбе, Тараз, Қарагададан тоқылған шаршылар алып құрақ көрпеге жиналып, шырша түріндегі металл құрылымға қойылды. Қазір арт-нысан өткен жылмен салыстырғанда екі есе биік болып шықты. Жаңа жылдық шырша үшін ұзындығы 70 000 метрден асатын 70 келіден астам жіп қажет болды.

Нұржол бульварына 70 келі иірілген жіптен тоқылған шырша орнатылады

Велюр жіптері бізге бала кезіміздегі әжелеріміздің қолымен жасалған жұмсақ құрақ-көрпелерді еске түсіреді. Біз барлық қазақстандықты қолдың жылуымен біріктіргіміз, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлап, қаламызды жарқын эко-шыршамен безендіргіміз келді, - дейді жоба авторы, әлеуметтік кәсіпкер Рахима Мұқышева.

Апта бойы елордада 200-ден астам адам тоқуды үйренген ақысыз мастер-кластар өтті. Тоқымашылардың негізгі шоғырланған жері - «Астана Бәйтерек» монументі. Қаланың қолөнер шеберлері мен қонақтары монументтің басында болып, тоқуды үйреніп, Жаңа жылдық елорданың сұлу көрінісімен шабыттанды. Флешмобқа қатысушылар шыршаны құру отбасыларды ортақ іске біріктіріп, Нұр-Сұлтан тұрғындарын жақындастырып, жастарды әлеуметтік желілерден алшақтатқанын атап өтті.

Нұржол бульварына 70 келі иірілген жіптен тоқылған шырша орнатылады

Экошырша «Астана Бәйтерек» монументіне қарсы Нұржол бульварында (Ақ мешіт көшесі жағынан) орнатылады.

«Құрақ көрпе стиліндегі экошырша» инсталляциясының ашылуы 29 желтоқсанда сағат 12-де болды.

Өзгелердің жаңалығы