Нұржігітов: Балалардың бос уақытын тиімді өткізуіміз керек

23 Сәуір 2022, 09:06
1598
Бөлісу:
Нұржігітов: Балалардың бос уақытын тиімді өткізуіміз керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов шығармашылық және спорттық тапсырысты жүзеге асыру аясында жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесінің орындалуына байланысты тұрғындардың шағымдары бойынша кеңес өткізді.

Өткен жылы  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі 119, 120, 121 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған болатын.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша, өткен жылы мемлекеттік спорт тапсырысына 142,3 млн.теңге бөлінген. Барлығы 17 спорт түрі бойынша 119 спорт секциясы жұмыс істеуде (10 590 бала).

Ал, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәліметінше,  былтыр мемлекеттік тапсырысқа 135,5 млн. теңге қаралса, бұл бағытта 239 шығармашылық үйірме (8560 бала) тіркелген.

Салалық басқармалар басшылары 2021 жылдың қазан-қараша айларында тапсырыс берушілер мен қатысушы балалардың саны күрт артқанын атап өтті. Қолданыстағы үйірмелер мен секциялардың қызметтеріне ай сайынғы шығындарды ескере отырып, қосымша қаражат бөлу қажет. Бюджет қаражатының болмауына байланысты, қазіргі уақытта қызмет көрсетушілерден өтінімдерді қабылдау және  балаларды тіркеу тоқтатылды.

Бағдарламалар әкімшілері - мәдениет, спорт басқармалары – мемлекеттік тапсырыстың барлық жеткізуші-орындаушыларымен Меморандумға қол қоюы тиіс. Үйірмелер мен секциялардың қызметіне егжей-тегжейлі талдау жүргізу қажет.  Оларға нақты қанша бала қатысатынын анықтау керек. Сондай - ақ, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сындарлы диалог орнату қажет, - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы ауыл, қала, аудан әкімдеріне, мәдениет, архивтер және құжаттама, дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

 «ArtSport» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер мәдениет үйлерін немесе спорт кешендерін жалға алған. Бұлай болмауы керек.  Одан да осы ұйымдардың штат санын көбейту туралы ойлану керек. Жыл сайын жаңа мәдениет және спорт нысандары ашылуда. Соларды ұтымды пайдалана отырып, алдымен біз өз күшімізбен балалардың  бос уақытын сапалы ұйымдастырып, содан кейін ғана кәсіпкерлердің мүмкіндігіне жүгіну керекпіз, - деп түйіндеді аймақ басшысы.

Өзгелердің жаңалығы