Нұрымбетовтің орнына жаңа министр тағайындалды

18 Қаңтар 2021, 18:15
2216
Бөлісу:
Нұрымбетовтің орнына жаңа министр тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына Серік Жамбылұлы Шәпкенов тағайындалды.

Бұған дейін аталған министрлікті Біржан Нұрымбетов басқарған болатын.

Серік Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді.  

2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 

2015-2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.  

2016-2018 жылдары — Атырау қаласының әкімі.   

2018-2020 жылдары Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2020 жылдың маусымынан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Өзгелердің жаңалығы