Нұртөре Жүсіп: Үкіметтің жұмысы барынша ашық және ширақ, тиімді болу керек

8 Ақпан 2022, 16:48
1789
Бөлісу:
Нұртөре Жүсіп: Үкіметтің жұмысы барынша ашық және ширақ, тиімді болу керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің төрағалық етуімен өткен бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты сенатор Нұртөре Жүсіп өз пікірімен бөлісті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының төрағалық етуімен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында аудан әкімдеріне жұмыс орындарын көптеп ашу туралы тапсырма бергенін айтты.

Президенттің төрағалық етуімен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Үкіметтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептерін тыңдады. 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары ортаға салынды. Президент осы жиында жерді ұтымды пайдалану, көлік құрастыру, Үкіметтің мемлекеттік бағдарламалары туралы өз ойларын ортаға салды. Аудан әкімдеріне жұмыс орындарын көптеп ашу туралы тапсырма берді.

Елдегі ең өміршең әрі өзекті мәселелерді Мемлекет басшысы назарында екенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ атом электр станциясы, утилизациялық алым, банктерді сауықтыру, шағын және орта бизнесті дамыту, елдегі жалақы мәселесі, инфляцияны реттеу жөнінде де нақты ұсыныстарды айтып, осы мәселелерді шұғыл шешуге пәрмен берді. Кедейшілік пен шеттен тыс байығандар жөнінде де өз көзқарасын білдірді. "Самұрық-Қазына", "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Ұлттық қор жөнінде нақты талаптар қойды. Осының бәрі елдегі ең өміршең әрі өзекті мәселелерді Мемлекет басшысы назарында екенін, бақылауда ұстап отырғандығын көрсетеді, – деді сенатор.

Сондай-ақ ол Үкіметтің бұдан арғы жұмысы барынша ашық болу керек екенін айтты.

Қаңтар оқиғасынан кейін экономикамызды тезірек сауықтыру жөніндегі нақты шараларды белгілеп бергені көңілге қуаныш ұялатты. Сондықтан енді Үкіметтің бұдан арғы жұмысы барынша ашық және ширақ, тиімді болу керек деп есептеймін, – деді Нұртөре Жүсіп.

Өзгелердің жаңалығы