Нұртөре Жүсіп болашақ прокурорлармен кездесті

Бүгiн, 18:59
118
Бөлісу:
Нұртөре Жүсіп болашақ прокурорлармен кездесті
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының оқытушыларымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тәуелсіздік күні қарсаңында құқық қорғау жүйесін реформалау мәселелері және Қазақстандағы «Заң және тәртіп» қағидатының сақталуын қамтамасыз етудегі прокурорлардың рөлі талқыланды.

Еліміздегі қарқынды өзгерістер жағдайында прокурорлар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мамандардың қызметі қылмысқа қарсы күреспен қатар әділетті қоғам құруға ықпал етеді және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда ерекше маңызға ие. Олар биліктің барлық деңгейінде заңдылық пен әділдікті қамтамасыз ете отырып, құқық жүйесінің маңызды буыны болып табылады, - деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Депутат құқық қорғау жүйесіндегі реформаларға тоқтала келіп, киберқылмыс пен терроризм және экстремизм сияқты жаңа қауіптерге бейімделу туралы айтты. Ол осы қауіп-қатермен тиімді күресу үшін заманауи технологияны енгізу қажеттігіне, сондай-ақ азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру мен адам құқықтарын сақтаудың маңыздылығына назар аударды.

Сенатор кездесу соңында болашақ прокурорларға тілектестігін білдірді және оларды адалдық пен шынайылықтың үлгісі болуға шақырды. Өйткені олар еліміздегі заңдылық пен әділдіктің сақталуын күзететін болады.

Өзгелердің жаңалығы