«Нұрлы жер». Өткен жылы Маңғыстауда 400-ден астам пәтер берілді

31 Қаңтар 2021, 22:46
1391
Бөлісу:
«Нұрлы жер». Өткен жылы Маңғыстауда 400-ден астам пәтер берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында құрылыс жұмыстарының көлемі 206,3 млрд теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112,2% құрады. 1 192,8 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді (өсу қарқыны – 101,5%).  Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайты хабарлады.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша 2020 жылы ауданы 23,5 мың м2 419 пәтер пайдалануға берілді, оның ішінде 215 пәтер көп балалы отбасыларға берілді. 

«7-20-25» бағдарламасы аясында 4 ірі қала, соның ішінде Ақтау қаласы үшін 25 млн теңге мөлшерінде несиенің ең жоғары мөлшері анықталды. Бүгінде Ақтау қаласының аумағында 96 жер учаскесінде 12 мыңнан астам пәтерге арналған шамамен 960 мың м2 коммерциялық тұрғын үй құрылысы жүргізілуде, олардың басым бөлігі «7-20-25» бағдарламасы бойынша іске асырылатын болады. 2021 жылдың басында екінші деңгейлі банктерге несие алуға 19,7 млрд теңге сомасына 1 947 өтінім түсті. Оның ішінде 8,4 млрд теңге сомасында несие беруге 826 өтінім мақұлданды. 

2020 жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 162 өтінім мақұлданды, оның ішінде 161 отбасы жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге тұрғын үй заемдарын алды. Жалпы сомасы 126,6 млн теңгеге 133 тұрғын үй сертификаты берілді. 

Бұдан басқа, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы тұрғын үй құрылысының бағытын енгізу бойынша жұмыс басталды. Осы бағыт бойынша жер учаскесі және тиісті жобасы бар құрылыс компанияларының бастамалары қаралуда. 

«7-20-25» бағдарламасы аясында бүгінгі таңда екінші деңгейлі банктерге жалпы 19 млрд теңге көлемінде несие алуға 1 886 өтінім келіп түсті, оның ішінде 8,2 млрд теңге сомасына 806 өтінім мақұлданды.

Өзгелердің жаңалығы