Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 10 айында 10,7 млн м² тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
2020 жылдың қаңтар-қазан айларында пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 9,7%-ға артық. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жылдық жоспар қазіргі уақытта 75,8%-ға орындалды, делінген хабарламада.
Республика бойынша барлығы 94 737 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде – 34 535 жеке үй. Өсім 15 өңірде байқалады: Шығыс Қазақстан (116,7%), Солтүстік Қазақстан (112,5%), Қарағанды (110,3%), Павлодар (109,6%), Қостанай (109,5%), Алматы (108,5%), Түркістан (107,9%), Жамбыл (107%), Батыс Қазақстан (102,7%), Ақмола (101,6%), Маңғыстау (100,9%), Ақтөбе (100,5%) облыстары мен Нұр-сұлтан (154,6%), Алматы (103,6%) және Шымкент (103,1%) қалалары. Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіштері қарқынының төмендеуі 2 өңірде байқалады: Атырау (88,4%) және Қызылорда (91%) облыстарында.