Нұрлан Ұранхаев референдумда дауыс берді

6 Қазан 2024, 16:52
302
Бөлісу:
Нұрлан Ұранхаев референдумда дауыс берді
PHOTO
Фото: Абай облысының әкімдігі

Бүгін елімізде АЭС құрылысына байланысты маңызды республикалық референдум өтіп жатыр. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласындағы №93 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дауыс беруден кейін аймақ басшысы шараның ел үшін маңызын атап өтті.

Нұрлан Ұранхаев референдумда дауыс берді

Аса күрделі мәселені Президент халықпен бірге ақылдаса отырып шешуді айтты. Абай облысы бойынша 474 сайлау учаскесі ашылып, заңға сәйкес жұмыс істеуде. Отбасыммен бірге өз таңдауымызды жасадық. Таңертеңнен дауыс беруге келген жерлестеріміздің қарқыны жақсы. Дауыс берушілердің көңіл-күйі жақсы. Абай елі береке-бірлігін көрсетіп, осы науқанды абыроймен өткізеді деп сенемін,- деді облыс әкімі.

Облыс бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 407 549 адам енгізілген. Бұл —референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар. Сонымен қатар, көшпелі сайлау комиссиялары ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы