Нұрлан Исатаев дзюдодан жасөспірімдер арасында алтын алды

24 Тамыз 2023, 10:18
811
Бөлісу:
Нұрлан Исатаев дзюдодан жасөспірімдер арасында алтын алды
PHOTO
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстандық Нұрлан Исатаев (55 келі) дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Нұрлан Исатаев дзюдодан жеңіс тұғырына көтерілді. Ол финалда ол грузиялық Мераби Самадашвилимен кездесіп, қосымша уақытта қарсыласын қапы қалдырды.

Қазақстандық балуан жарыста іріктеу кезеңінде Шахруз Шаназаров (Түркменстан), Лиова Спариян (Армения), Янг Жонатан (АҚШ) секілді қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Жартылай финалда тағы бір отандасымыз Оралбек Байзақтан басым түсті.

Нұрлан Исатаев дзюдодан жасөспірімдер арасында алтын алды

Ал қыздар арасында 40 келіге дейінгі салмақта Сабина Юлдашбекова күміс алса, ұлдар арасында Оралбек Байзақ қола жүлдені еншіледі.

Еліміздің жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдемен медальдар кестесінде көш бастап тұр.

Нұрлан Исатаев дзюдодан жасөспірімдер арасында алтын алды

Мен Нұрлан, Сабина және Оралбекті әлем чемпионатында табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймын. Біз сіздің жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз! Болашақта сізді жарқын жеңістер күтеді деп үміттенемін. Қазір Загребте жүрген дзюдошыларымыздың табысты өнер көрсетуін тілеймін. Бүкіл Қазақстан сіздерге жанкүйер. Алға!,- дейді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 27 тамызға дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы