Нұрлан Байбазаров Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды

6 Ақпан 2024, 19:10
336
Бөлісу:
Нұрлан Байбазаров Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды
Фото: kdb.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Байбазаров Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

Нұрлан Серікұлы Байбазаров

Нұрлан Байбазаров 1975 жылы туған.

Білімі:

1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Банк ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1997 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Бюджет департаментінде бастаған.

2004-2011 жылдары - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да басқарма бастығынан бастап басқарушы директорға дейін әртүрлі лауазымдарды атқарды.

2013-2016 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігінде Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.

2016 жылдан 2022 жылғы қарашаға дейін - «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы болды.

2022 жылғы 16 қараша - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы еболып тағайындалды.

2023 жылдың 5 қазанында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ холдингі басшысы болып тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы