Нұрлан Әбдіров: Референдум – бұл тікелей демократияның маңызды институты

6 Мамыр 2022, 11:36
1694
Бөлісу:
Нұрлан Әбдіров: Референдум – бұл тікелей демократияның маңызды институты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық референдум комиссиясының отырысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров референдум ұйымдастыру мен өткізудің маңызды аспектілеріне тоқталып өтті.

Референдум – бұл тікелей демократияның маңызды институты және халықтың тікелей заң шығаруын білдіреді. Бұл - мемлекет және әрбір жекелеген азамат үшін аса маңызды шешімдер қабылдауға жұртшылықтың қатысуының бір тәсілі, - деді ол.

Мемлекет басшысы атап өткендей, конституциялық түзетулер жобасы бойынша азаматтардың жаппай дауыс беруі біздің демократиялық қағидаттарды берік ұстанатынымызды білдіреді. Тоқаев алдағы референдум Қазақстанның болашағын айқындайды. Әрбір азамат дауыс беріп, осы тарихи бетбұрысты жасауға үлес қоса алады деген болатын.

Референдумды әзірлеу мен өткізуді референдум комиссиялары жүзеге асырады. Орталық референдум комиссиясы референдумды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі өз өкілеттіктерін жүзеге асыру шеңберінде Республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітеді, - деп толықтырды Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Еске сала кетейік, Республикалық референдум биыл 5 маусымда өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы