Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы:
ҚАУЛЫ:
1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары, төраға (келісім бойынша);
аталған Комиссияның құрамынан И.И.Рогов шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.